Бек Эйр-дің билетін алғандар белгіленген үлгіде арыз бере алады

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне "шұғыл желі" телефондарына кеңес алу үшін хабарласуға болады.

Тұтынушылардың құқығын қорғау комитеті "Бек Эйр" әуекомпаниясына қатысты талап арызды толықтырмақ, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылдың 31 қаңтарында Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Бек Эйр әуекомпаниясына тұтынушылар құқығының бұзылуына байланысты талап арыз берген болатын. Талап арызға сатып алынған авиабилеттерге ақшасы қайтарылмаған 20 тұтынушының өтініші негіз болды.

Сотқа талап арыз берген сәттен бастап Бек Эйр әуекомпаниясына, Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінде "шұғыл желіге" 100-ден астам адам өтініш берді, 57 тұтынушының бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін 32 өтініш түсті. 10 ақпанға дейін Комитет жалпы сомасы 2 146 199 теңгеге 77 тұтынушының бұзылған құқығын қалпына келтіру үшін 44 өтінішті қабылдады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің баспасөз қызметі.

Тұтынушылар ҚР сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетіне "шұғыл желі" телефондарына кеңес алу үшін хабарласа алатынын хабарлаймыз: 74-98-32, 74-98-36

Өтініштер Комитеттің пошталық мекенжайына жолданады: Нұр-сұлтан қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 8, "Министрліктер Үйі", 2 кіреберіс. Сонымен қатар, өтінішті "Электрондық үкімет" (egov.kz). порталына жіберуге болады.

Өтініштерді белгіленген үлгіде жіберу қажет екеніне назар аударамыз, оны "шұғыл желіге" қоңырау шалып немесе Комитеттің сайтындағы сілтемеден көшіріп алу қажет. https://beta.egov.kz/memleket/entities/mti-kzpp?lang=kz.

Бұдан бөлек, фискалдық чектердің немесе басқа да растайтын құжаттардың, билеттердің және жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелерін қоса беру қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: