Алматы облысының полициясы үйде қару сақтау тәртіптері туралы ескертті

femina-maskulina.ru
Қару иесі пәтерде тұрған жағдайда, қару еденге немесе қабырғаға мықты орнатылған темір жәшікте немесе сейфте сақталуы тиіс.

Тәртіп сақшылары таратқан ақпарат бойынша қару мен оның оқ-дәрілері арнайы талап-тәртіптері бар. Олар азаматтық, қызметтік қару мен олардың оқ-дәрілерін сатып алу, беру, есепке алу, сақтау және қолдану тәртібі жазылған заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерде жазылған, деп хабарлайды Алматы облысы ПД баспасөз қызметі.

"Қару иесі пәтерде тұрған жағдайда, қару еденге немесе қабырғаға мықты орнатылған темір жәшікте немесе сейфте сақталуы тиіс. Оның қабырғасының қалыңдығы 3 мм кем болмауы қажет және ішкі құлпы берік, қару иесінен өзге адамдарға қолжетімсіз болуы керек", - деді Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция қызметі басқармасының бөлім бастығы полиция майоры Юрий Пак.

Азаматтық, қызметтік, наградалық, жинақ қарулар мен олардың оқ-дәрілерін сақтаудың жағдайы мен тәртібін бұзған жағдайда ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 484-бабына сәйкес 10 айлық есептік көрсеткіштен 40 АЕК дейін айыппұл салу әкімшілік жауапкершілік көзделген.

Сонымен қатар, қалалық елдімекендерде тұратын азаматтық қару иелері қару сақталатын үй-жайда сертификатталған күзет жүйесін пайдалануға міндетті. Яғни, дабыл хабарын қару иесінің не оның отбасының ұялы телефонына немесе күзет ұйымына жолдау мүмкіндігі бар жүйе болуы қажет. Бұл пәтер ұрлығына дер кезінде әрекет етуге және қылмыскерлерді ұстауға мүмкіндік береді.

"Өзгенің мүлкін ұрлауға жол бермеу мақсатында заманауи күзет дабыл жүйесін пайдалануға кеңес береміз. Өйткені, дабыл бірден күзет ұйымының орталықтандырылған жүйесіне түседі және олар қорғауға алынған нысан үшін жауапты саналады. Қазіргі таңда Алматы облысының кез-келген қаласында ұрлықтың алдын алу немесе ұрыларды оқиға орнында қолға түсіру мүмкіндігі бар жедел әрекет ету тобы құрылған күзет ұйымдары бар", - деп толықтырды полиция майоры Юрий Пак.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды