Алматыдағы "алып тиінді" басқа жерге қоятын болды

zakon.kz
Ол "Атакенттің" ішкі территориясына көшіріледі.

Алматыдағы алып тиін мүсіні басқа жерге қойылатын болды. Бұл туралы Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов айтты, деп хабарлайды zakon.kz Казинформ агенттігіне сілтеме жасап.

"Тиін" мүсіні қалғанын да қалайтын тұрғындар бар, сол секілді оған қарсы тарап та бар. Қоғамдық пікірді ескере отырып, бұл мүсін толығымен бөлшектелмейді, бірақ Атакент аумағына көшіріледі деген шешім қабылданды. Мұны наурыз айында жоспарлап отырмыз, - деді аудан әкімі.

Бұрын алып тиін мүсіні бөлшектеліп жатқаны туралы хабарланған, кейін оны уақытша қалдыруға шешім қабылданды.

Кезінде бұл мүсінге бөлінген қаражат елдің жағасын ұстатып, қоғамда резонанс туғызған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Гинекологқа да барғанмын": қазақстандық eGov жүйесінен күмәнді жазбаларды анықтады

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының 100 млрд теңгесін жеке басқарушыларға аударған

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті