Майра Мелдебекова Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды

primeminister.kz
Бұған дейін ол Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Майра Тұрғанбайқызы Мелдебекова ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Үкіметтің ресми сайтындағы дерекке сүйенсек, Майра Мелдебекова 1971 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. 1993 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "Физика және информатика оқытушысы" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1988 жылы Қызылорда облысындағы "Жас сұңқар" пионер лагерінің тәрбиешісі болып бастаған.

1993-2005 жылдары Шымкент қ., Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының орта мектептерінде қазақ тілі, математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

2005-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінің жүйесінде басшылық қызметтерді атқарған.

2018 жылдан бастап Қызылорда облыстық білім басқармасының басшысы қызметін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты