Ресейлік БАҚ-тар "Жер астынан жеті қоян тапқандай", Ванганың коронавирус туралы болжамын жаппай жариялап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.
"Экспресс-News" ақпарат агенттігі 02.02.2020 - адамзат тағдырын шешуші күн деп атады. Ол бұл күні бүкіл адамзат үшін бетбұрыс болатынын мәлімдеді.
Бұл болжам жайында жақында белгілі болды. Болжам бойынша, Ванга тышқан жылы басталмайынша, кейбір болжамдарды жарияламауды талап еткенге ұқсайды. Жуырда ғана оның жақын туыстары кейбір беймәлім болжамдармен бөлісіп, сенсациялық мәлімдеме жасады.
Ванга бес рет қайталанатын екі саны күнінен аман өткенімізді Құдайдан жалбарынып сұрауымыз керек деген. Оның айтуынша, оттың күлі жер бетін жауып, су жағадан шығады. Сондай-ақ қандай да біртүрі ауру туралы айтылады. Ванганың жеке аудармашысы Стоян Петровтың айтуынша, біз бүкіл адамзатты сұлататын ұмыт болған індет туралы айтып отырмыз. Ванга оңтүстіктен бастау алған бұл індет бүкіл адамзатқа тарайтынын болжаған. Бұл инфекциядан жүздеген миллион адам қайтыс болуы мүмкін. Дерттің құтыруы күн белсенділігімен байланысты болуы мүмкін.
Көптеген адамдар, әрине, коронавирусты бірден ойға алады. Расында, бұл ауру белгілі бір дәрежеде ұмыт қалған, өйткені вирус 1965 жылы бой көрсеткен.
Ванга ғарыш апаты туралы да айтады. Ол астероидтің Жермен соқтығысатынын болжады. Кезінде ол бұл апаттың бес екі саны қайталатын күні болатындығын көріп-болжаған. Ол Жердің бүтін бір бөлігі жойылып, ал тірілер өлмей қалғанына өкінеді депті. Ванга үлкен аспан денесінің Жерге ұшып келіп, суға түсетінін айтқан.
Жалпы, ол 22.02.2020 датасын бүкіл планетаға әсер етуі мүмкін катаклизмдермен байланыстырады. Ол тек жақсы адамдар ғана тірі қалып, зұлымдар өледі деп топшылады.
Өз кезегінде астрономдар бұл болжамға миығынан күле қарайды, деп жазады cheltv.ru. PZ39 астероиды Жерге үлкен қауіп төндірген, бірақ ол Жер орбитасына жақындап ұшып өтті, осы бертінде 15 ақпанда ғана. Келесі жолы ол 55 жылдан кейін құлайды. Скептиктер Ванга болжамдарын сан-саққа жүгірте салуға икемді деп санайды. Оның үстіне Ванганың сөзін жазып алдым дегендердің қаншалықты шынайы екеніне де күмән бар емес пе?..