Ресей Тәжікстанда бес орыс мектебін салады

"Radioi Ozodi" (RFE/RL)
Мәскеу Тәжікстандағы мектептерге 12 жылдан бері көмектесіп келеді: бұл елге оқулықтар мен мұғалімдер жібереді.

Ресей Тәжікстанға бес орыс мектебін тұрғызып, оны жабдықтауға көмектеседі.

Бұл туралы 24 ақпанда Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Душанбеде баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп жазады centralasian.org.

"Ресей Тәжікстанның Душанбе, Куляб, Худжанд, Бохтар және Турсунзаде қалаларында бес орыс мектебін салу туралы үкіметаралық келісім қабылдады", - деді Лавров.

Тәжікстан білім министрінің орынбасары Рахматулло Мирбобоев бұған дейін Ресейдің көмегімен салынатын мектептердің әрқайсында 1200 бала оқитынын, білім мекемелері үш жылда тұрғызылатынын айтқан. Бес орыс мектебінің құрылысы туралы келісімді 2019 жылы Ресей президенті Владимир Путин мен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қол қойған.

Осы уақытқа дейін Тәжікстанда мектептер негізінен Дүниежүзілік банк қаражатына салынып келген. Алайда 2019 жылдың басында халықаралық донорлар Тәжікстанды қолдау бағдарламасын тоқтатып қойды.

Мәскеу Тәжікстандағы мектептерге 12 жылдан бері көмектесіп келеді: бұл елге оқулықтар мен мұғалімдер жібереді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Құрылтай сайлауында сайлаушылардың 74,19%-ы дауыс берді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Аптап ыстық пен өрт салдарынан Еуропада ескі бомбалар жарыла бастады