Хоккейші Рыспаевты ережесіз жекпе-жек спортына "тартып алғалы" жатыр

видеодан алынды
Дамир өзін таныстыруды қажет етпейді.

Fight Nights Global президенті Камил Гаджиев қазақстандық хоккейші Дамир Рыспаевтың ММА ережесі бойынша жекпе-жегі Қазақстанда үлкен аудитория жинай алатынын айтады, деп хабарлайды vesti.kz.

"ТМД-да Рыспаевтың қатысуымен жекпе-жек ұйымдастыруды ойладым, өйткені қазақстандық белсенді аудитория бар. Қай елде ММА-ді көп қарайтынын бақылаймыз. Қазақстанда өте көп тамашалайды, онда бәрі Youtube арқылы. Дамир өзін таныстыруды қажет етпейді. Қарсылас дейсіз бе? Кез келген бұзық жігіт, Артюхин болса да. Жақсы бір төбелес болатын еді", - дейді Гаджиев "Игра в тело" Youtube арнасына.

2015 жылдың 9 қарашасында Рыспаев "Барыс" сапында ойнап жүріп, ҚХЛ матчінде Евгений Артюхинмен төбелескен.

2016 жылы қазақстандық хоккейші "Чемпионат" сайты оқырмандарының тұжырымынша "ҚХЛ-де ең мықты төбелесетін хоккейші" атағын иеленді.

Жоғары хоккей лигасының биылғы маусымында 24 жастағы Рыспаев "Номад" үшін 12 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты