Скляр Еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді

primeminister.kz
Бизнес өкілдері Индустрия 4.0, жасыл экономика, тұрақты даму, ҚР-дағы электр көлігі инфрақұрылымын, оның ішінде технологиялар трансферті және жергіліктендіру арқылы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларға қатысу мүмкіндігін қарастырды.

Роман Скляр Еуропалық бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр Еуропалық бизнес қауымдастығының өкілдерімен кездесу барысында елдің қолайлы инвестициялық ахуалы туралы айтып, инвесторларға экономиканың түрлі секторларында: туризм, цифрлық экономика, денсаулық сақтау, инфрақұрылым және т. б. салаларда жаңа мүмкіндіктер беру мәселелерін талқылады.

Кездесуде Қазақстан экономикасының 2019 жылы 4,5%-ға өскені, ал шикізаттық емес секторға сапалы шетелдік инвестицияларды тарту ҚР Үкіметінің басым міндеттерінің бірі екені атап өтілді.

Өз кезегінде шетелдік делегацияның басшысы Йохан Вандерплаетсе ‒ Еуропалық бизнес қауымдастығының басқарма төрағасы, Ресей мен ТМД-дағы Schneider Electric президенті әлемдегі энергия тұтынудың өзгермелі құрылымы аясында Қазақстан экономикасын әртараптандыру мәселелерінің өзектілігін атап өтті.

Сонымен қатар бизнес өкілдері Индустрия 4.0, жасыл экономика, тұрақты даму, ҚР-дағы электр көлігі инфрақұрылымын, оның ішінде технологиялар трансферті және жергіліктендіру арқылы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларға қатысу мүмкіндігін қарастырды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды