Бразилияда стрим жасайтын әдемі бойжеткен 116 жылға сотталды

ztb.kz
Викторио интернет-дүкен арқылы алаяқтық жасаған екен.

Бразилияда Counter-Strike ойынынан экс-киберспортшы Шайен "shAy" Викторио алаяқ деп танылып, 116 жылға сотталды, деп хабарлайды zakon.kz ZTB.kz-ке сілтеме жасап.

Викторио интернет-дүкен арқылы алаяқтық жасаған екен. Жұрттың тауарын да жеткізбей, төлеген ақшасын да қайтармай қойыпты: 2013 жылдан 2017 жылға дейін бүкіл Бразилия бойынша 118 клиентті алдап кеткен.

Енді Шайен сот үкіміне шағым түсірмек.

Сот 116 жылға соттағанмен, қыз түрмеде сонша жыл отырмас та еді – Бразилияда түрме мерзімі 30 жылдан аса алмайды. Оның үстіне, үш рет шағымы қаралғанға дейін бойжеткенді ресми түрде қамауға алуға да болмайды.

Викторио CS:GO ойынындағы кәсіби карьерасын 2019 жылы аяқтаған, содан бері стример болып жүрген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады