8 наурыздан кейін Иран, Қытай, Оңтүстік Корея азаматтары Қазақстанға кіре алмайды

Сеул-Алматы және Сеул-Нұр-Сұлтан бағытымен тек қазақстандықтарға ұшуға рұқсат етіледі.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымды дамыту вице-министрі Берік Қамалиев коронавирустың таралуына байланысты тоқтатылған әуе бағыттары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейстер 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап тоқтатылған.

- Махан Эйрдің Алматы-Тегеран бағытындағы рейстері тоқтатылды. Бізде Әзірбайжанмен Алматы-Баку және Ақтау-Баку бағытында аптасына 15 рейс болған. Енді Алматы-Баку бағытын 5-тен 1-ге дейін, Ақтау-Бақу бағытын 7-ден 1-ге дейін шектедік, ал Нұр-Сұлтан-Баку рейсін тоқтаттық, - деді ол.

Сондай-ақ, 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан-Сеул бағыты бойынша тұрақты рейстер аптасына 3 рейске дейін азайтылды.

- 8 наурыздан бастап Оңтүстік Кореядан және 1-санатқа жатқызылған елдердің азаматтарын кіргізуді тоқтаттық. Соған байланысты бүгін біз Сеул-Алматы және Сеул-Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшатын барлық әуе компанияларына радиограмма жолдадық. Сеул-Алматы және Сеул-Нұр-Сұлтан бағытымен тек қазақстандықтарға ұшуға рұқсат етіледі. Біздің кей азаматтарымыз үшінші елдер арқылы кіреді, сонымен қатар басқа әуекомпаниялар арқылы үшінші елдерден кіретін транзиттік жолаушылар бар. Сондықтан біз әуе компанияларына 8 наурыздан бастап 1-ші санаттағы елдердің азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынатыны туралы хабарладық, - деді ол.

1 санат екіге бөлінеді:

а – Қытай және Иран

Бұл елдерден келгендер 14 күнге карантинге жатқызылады. Шыққаннан кейін 10 күн бойы күнделікті телефон соғу арқылы медициналық бақылауда болады.

б – Гонконг, Макао, Тайвань, Оңтүстік Корея, Италия және Жапония

Бұл елдерден келгендер үшін 14 күн бойы үйде карантинде отыру көзделген. Карантин мерзімі аяқталғаннан кейін 10 күндік күнделікті қоңырау шалынады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: