Мұнайдың әлемдік бағасы қатты құлдырап кетті

ruchron.com
Жұма күні ОПЕК + мәмілесіне қатысушы елдер жүргізген келіссөздер сәтсіз аяқталды.

ОПЕК елдері Венадағы келіссөздер кезінде мұнай өндірісін қосымша қысқарту бойынша өзара келісімге келе алмады. Бұл жаңалық қор биржасына әсер етіп, мұнай бағамы кенеттен қатты құлдырап кетті, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Brent маркалы мұнайдың бір баррелі бірден 31,43 долларға бір-ақ құлады. Солтүстік теңіз қоспасындағы мұнайдың баррелі бірден 14 долларға құнсызданып, бағасының 31% жоғалтты.

WTI маркалы мұнай бағасы 27% -ға төмендеп, бір баррелі 30,27 доллар болды. WTI соңғы рет 2016 және 2003 жылдары 30,3 долларға дейін төмендеген болатын.

Жұма күні ОПЕК + мәмілесіне қатысушы елдер жүргізген келіссөздер сәтсіз аяқталды, өйткені тараптар транзакцияның жаңа өлшемдері бойынша өзара бңр мәмлеге келе алмай, қолданыстағы келісімдердің мерзімі ұзартылмады. Мәселен, Ресей қазіргі жағдайды қолдауға шақырды, ал Сауд Арабиясы мұнай өндірісін одан әрі төмендетуді ұсынды. Қорыта келгенде, 1 сәуірден бастап тараптардың отын өндірісін шектеу жөніндегі барлық міндеттемелері жойылатын болды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты