Назарбаев Путинмен кездеседі

rbk.ru
Олар кездесу жайын алдын ала телефон арқылы талқылап алған.

Ресей Президенті Владимир Путин 10 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездеседі, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Бұл туралы журналистерге РФ Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков хабарлады.

"Бүгін президент әртүрлі кездесулер, кеңестер өткізеді, бұқаралық деңгейде Нижний Новгород облысының губернаторы Никитинмен кездеседі. Сондай-ақ кешке Президентке Қазақстанның Тұңғыш Президенті Назарбаев та қонақта болады", - деді Песков.

6 наурызда Елбасы мен Путин телефон арқылы сөйлескен болатын. Олар алдағы кездесу жайын талқылаған еді.

"Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей мен Түркия арасындағы келіссөздер нәтижелері туралы пікір алмасты. Аталған келіссөздер барысында "Астана процесінің" маңызды рөлі туралы айтылған болатын. Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесулердің кестесін талқылады" делінген Елбасы сайтында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленеді

Қазақстанда мемлекеттік ұйымдардың ғылыми қызметкерлеріне жалақы төлеу ережесі жаңартылды

Алматы облысында жер сілкінісі болды