Мемлекет басшысына қаржы нарығындағы ахуал баяндалды

zakon.kz
Сонымен қатар еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жасалып жатқан шаралар бойынша есеп берілді.

Қазақстан Президенті Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысына еліміздің қаржы нарығындағы қазіргі ахуал мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды", делінген Ақорда жариялаған хабарламада..

ҚР Ұлттық банкі 10 наурызда сыртқы сектор тарапынан болатын тәуекелдердің теріс әсері аясында бағаның тұрақтылығын сақтау қажеттілігіне байланысты базалық сыйақы мөлшерлеме деңгейіне қатысты төтенше шешім қабылдады.

2020 жылдың 10 наурызынан бастап жылдық базалық сыйақы мөлшерлеме 12% деңгейінде +/- 1,5 процент ауытқу мүмкіндігімен белгіленді. Осыған байланысты ақша өтімділігін қамтамасыз ету үшін өткізу бойынша тұрақты операциялар ставкасы 13,5%, ал алу операциялары бойынша - 10,5% құрайды, делінген Ұлттық банктің хабарламасында.

Базалық сыйақы мөлшерлемесін өсіру туралы шешім әлемдік экономикадағы жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты қабылданды. COVID-19 коронавирусының таралу масштабының кеңеюі Қытай мен Еуропалық Одақ сияқты қазақстандық экспортты негізгі тұтынушы елдердің экономикалық даму перспективаларының нашарлауының негізгі факторы болды.

Brent маркалы мұнайдың бағасы 2020 жылдың 9 наурызында ОПЕК + отырысына қатысушылардың мұнай өндірісін қысқарту туралы келісім-шарттар бойынша келіссөзі сәтсіз аяқталып, мұнай бағасы күрт төмендеді. Әлемдік нарықта қара алтынның бір баррелі 31-36,5 АҚШ доллары деңгейінде болып, бір сәттегі құлдырау 30% құрады. Ұлттық банктің ақша-несие саясаты инфляциялық таргеттеу аясында жүргізіліп, сыртқыдүрбелеңнің ел экономикасына әсерінің алдын алуға, макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге және теңге активтерін қорғауға бағытталған

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды