13 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев Шұғыл әрекет ету штабының отырысын өткізді, деп хабарлайды zakon.kz.
Мемлекет басшысы балаларымен үйде отыруға мәжбүр болған ата-аналардың біреуіне ақылы еңбек демалысын беру бойынша жұмыс берушілермен жұмыс жүргізуді тапсырды.
"Үкімет фискалдық тетіктер арқылы кәсіпорындарды қолдау шараларын қабылдауы керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, жоспарланған бюджет шығындары жұмыспен қамтуға, шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталуы керек", - делінген Ақорданың сайтында.
13 наурызда Қазақстанда оқушылар коронавирус қаупіне байланысты бір апта ерте демалысқа жіберілетіні белгілі болды.
13 наурыздан бастап инфекцияның алдын алу үшін бұқаралық іс-шараларға, оның ішінде спорттық және мәдени жиындар, ойын-сауықтарға тыйым салынды. Елімізде санитарлық және дезинфекциялық режим күшейтіліп, мектеп оқушыларының экскурсиясына тыйым салынды. Оқушылар демалысқа 16 наурыздан 5 сәуірге дейін жіберіледі, - деді вице-премьер Ералы Тоғанжанов.