Мақпал Жүнісова оқырмандарын желідегі жазбасымен ойландырып қойды
Сурет: Instagram/zhunusova.makpal
Қазақстанның Халық әртісі Мақпал Жүнісова желідегі оқырмандарын жан тебірентерлік бейнемен қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әртіс жақында өзінің желідегі парақшасына ауладағы сары жапырақтарды жалғыз өзі сыпырып жүрген бейнесін жүктеді. Видео Қазнетте кеңінен таралып, көпшіліктің жағымды пікірін жинады.
Оның сөзінше, ол ауласындағы күздің символы – сары жапырақтарды осы күнге дейін жинатқызбаған. Оған себеп, табиғатты осы мезгілінен ләззат алу.
"Ана жолы үйдің артындағы жапырақтарды жинатқызбап едім,балконнан қарап тұрғанда сап-сары боп жата тұрсыншы деп,күздіің аяғында қимай-қимай жапырақтармен қоштасып жатырмын",- деп жазды әнші.
Өз кезегінде, оқырмандар сүйікті әншісіне жылы лебіздерін жолдады:
- Алтын күз кетіп барады. Алла бұйырса 2026 жылдың күзіне басымыз аман, бауырымыз бүтін болып қарсы алайық. Амандық болсын! Денсаулық болсын! Іске сәт! Аман болыңыз Мақпал ханым!
- Қандай керемет көрініс!
- Күздің соңғы айы да сары жапырақтармен бірге сырғып барады...Салқын самал, сарғайған табиғат, сыбдыр еткен жапырақтар – бәрі де күздің соңғы сәттеріне куә.Жапырақтар жерге үмітпен түсіп, келесі көктемнің уәдесін жүрегіне жасырып кетті.Қош бол, алтын күз! Келесі кездескенше...Мақпал ханым!
- Ісіңізге сәттілік, Мақпал апай. Менде қасыңызға барып, көмектескім келіп кетті. Әрқашан жайнап, жадырап жүре беріңіз
- Түүу сыбдыр-сыбдыр етіп жатқан жапырақтың дауысы-ай!
Бұған дейін Ош қаласында Тоқаевтың қырғыз тіліне аударылған кітабының таныстырылымы өткендігін жазғанбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript