Мақпал Жүнісова кезінде тәркіленген марқұм күйеуінің естелік өлеңдерімен бөлісті
Сурет: Instagram/zhunusova.makpal
Қазақстанның халық әртісі, танымал әнші Мақпал Жүнісова әлеуметтік желідегі парақшасында сүйген жары - марқұм Заманбек Нұрқаділовтың шығарған өлеңдерінің парақтарын жариялады. Парақтардың бетінде "Үлгі" деген таңба бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Зәкеңнің 2005 жылы 8 тамызда Мерей екеумізге жазғаны, топырағың торқа болсын. Зәке, біз ешқашан Сізді ұмытқан емеспіз, сол өзіңмен кірген шаңырақтамын. Бұл үйге 1994 жылдың 20 қарашасында бірге бас сұққан едік. Алдағы 2024 жылы 30 жыл болады екен" деп жазған Мақпал Жүнісова Instagram-дағы парақшасында марқұм жары Заманбек Нұрқаділовтың өз қолымен жазып қалдырған өлеңдерінің парақтарын да қоса жариялай отырып.
Сурет: Instagram/zhunusova.makpal
Сурет: Instagram/zhunusova.makpal
Сурет: Instagram/zhunusova.makpal
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript