Алматының азық-түлік сататын орындары тауарлармен қамтамасыз етіледі

Алматы қаласының әкімдігі
Азық-түлік сататын сауда орындары штаттық режимге көшті.

Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қаланы тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша онлайн-баспасөз конференциясы өтті. Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев бұған қатысты жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Қала әкімінің орынбасары Сапарбек Құрақбайұлы шаһарды тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету шараларына тоқталды. Оның айтуынша, карантинге байланысты қалада барлық азық-түлік емес сауда орындары жабылады. Ал азық-түлік сататын дүкендер, сауда орталықтары штаттық режимде жұмыс істейтін болады.

"Азық-түлік сататын сауда орындары түрлі тауарлармен толық қамтамасыз етіледі. Бұл ретте арнайы штаб құрылды. Қазір қалаға азық-түлік тауарларын тасымалдаумен айналысатын кәсіпкерлермен байланыс орнаттық. Олардың жүк көліктері қалаға еркін кіріп-шыға алады. Ешқандай шектеу болмайды. Бұған қатысты барлық құзырлы органдарға хабарлама берілді", - деді С.Тұяқбаев.

Бұдан бөлек барлық мейрамханалар да жабылатын көрінеді. Карантин кезінде олар тек тамақ өнімдерін тұрғын үйлерге жеткізумен айналысады.

"Барлық мейрамхана иесі бізді қолдайды деп сенеміз. Олар тамақ өнімдерін тапсырыспен халыққа жеткізетін болады. Оған қоса, онлайн-дүкендермен де келісімге келдік. Олар қазір бізге қолдау білдіріп, жұмыс қуатын аттыратын болды", - деді қала әкімінің орынбасары.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

"Қазгидромет" Алматы, Астана және тағы бірнеше қала тұрғындарына ескерту жасады