Алматыда кәсіпкерлік субъектілерді мәжбүрлеп тарату рәсімі іске қосылды

Кредиторлардың немесе басқа мүдделі тұлғалардың өтініштері (шағымдары) 2020 жылдың 1 маусымына дейін қабылданады.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлік субъектілерді мәжбүрлеп тарату рәсімін іске қосты, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Салық кодексінің 93-бабына сәйкес, Алматы қаласындағы Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми сайтында мәжбүрлеп таратылатын субъектілердің бастапқы тізімі жарияланды. Сонымен бірге, кәсіпкерлер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап келесі шарттарға сай мәжбүрлеп таратуға жатады: салық есептілігін өткізбегендер, экспорт-импорт операцияларын жүргізбегендер, ҚҚС төлеуші ​​ретінде тіркелмегендер, банк шоттары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары жасалмағандар, соның ішінде күнтізбелік жылдағы төлем сомасы 141 АЕК мөлшерден аспаса (373 791 теңге) және 2020 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 6 АЕК (15 906 теңге) мөлшерінде әлеуметтік төлемдер мен салықтық берешегі жоқ болса, сонымен қатар салық есептілігін беруді тоқтатпағандар үшін, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент кредиторлардың немесе басқа мүдделі тұлғалардың өтініштері (шағымдары) 2020 жылдың 1 маусымына дейін Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 93/95 мекен-жайы бойынша қабылданады, оның жанында талаптардың заңдылығын растайтын құжаттары болуы тиіс.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: