Шаруалар жыл соңына дейін жер салығынан босатылады

uaqyt.kz
Биыл агроөнеркәсіптік кешеннің биологиялық активтерін импорттау бойынша да қосылған құн салығы төленбейді.

Отандық агроөнеркәсіптік кешенді дамыту және шаруаларды ынталандыру мақсатында ауылшаруашылық өнімін өндірушілер жыл соңына дейін жер салығынан босатылады, деп хабарлайды "Хабар 24".

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шұғыл штабында осындай шешім қабылданды.

Биыл агроөнеркәсіптік кешеннің биологиялық активтерін импорттау бойынша да қосылған құн салығы төленбейді.

Айта кеткен жөн, 2020 жылдың наурыз бен қазан айлары аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін қосылған құн салығының мөлшері 12-ден 8 процентке дейін төмендетілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды