Нұр-Сұлтан мен Алматыда тәулігіне 500 экспресс-тест сыналады

Christopher Furlong/Getty Images
Қазақстанға барлығы 96 мың осындай тест әкелінген.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда тәулігіне 500 коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтауға арналған тесттер сыналады, деп хабарлайды zakon.kz.

КВИ диагностикасының негізгі әдісі ПЦР-диагностикасы болып қала береді. Экспресс диагностика бұл - скринингтік әдіс, ол науқастың ауырғанын көрсете алатын антиденелердің болуын анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасына 96 мың экспресс-тест әкелінді. Ол, негізінен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында сыналады. Күніне 500 адамды сынақтан өткізу жоспарлануда, - деді елдің бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова онлайн-брифинг барысында.

Біріншіден, жедел жәрдем қызметкерлері, ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған науқастар және үйінде карантинге жатқызылған, КВИ науқастармен байланыста болуы ықтимал адамдар тексеріледі. Сондай-ақ, автомобильдер мен теміржол өткелдерінен өтетіндер, коронавирус инфекциясы салдарынан төтенше жағдайларды жоюға тікелей қатысатын жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев бірден төрт заңға қол қойды

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

"Заң мен тәртіп": Оралда есірткіге қарсы күрес күніне орай ауқымды іс-шара өтті

QazVac авторы мен медицина саласының сарапшылары Ақтөбеде болашақ дәрігерлермен ұлттық құндылықтарды талқылады