Шиелі ауданында 8 адам "Covid-19" жұқтырған. Олар кімдер

Хабар 24
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда облысында "COVID-19" инфекциясын жұқтырған 8 жағдай туралы ақпарат мәлім болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Барлығы Шиелі ауданынан.

Олар бұған дейін вирус жұқтырған адаммен тығыз қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылған.

Зертханалық сынамалар алынып, диагноз нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

06.04.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 45 адам анықталды.

Қызылорда қаласында – 6 жағдай, Жаңақорған ауданында – 16, Қармақшыда – 4, Шиеліде – 19 жағдай.

Сонымен қатар, 06.04.2020 жылғы мәлімет бойынша қолайсыз елдерден барлығы 124 адам мониторингтік бақылауда. Оның ішінде 1 "а" санатындағы елдерден келгендер саны-4, 1"б" санатындағы елдерден келгендер саны 120 адам.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады

Синоптиктер Алматыда ыстықтың беті қашан қайтатынын айтты. Бір аптаға арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық спортшылар пара оқ атудан әлем кубогында 4 медаль жеңіп алды