48 сағат ішінде коронавирусты ауыздықтайтын дәрі ойлап табылды

postimees
Ғалымдардың пікірінше, ивермектин SARS-CoV-2 вирустық белсенділігін азайтуға, аурудың асқынуының алдын алуға және инфекцияның адамнан адамға өтуін шектеуге көмектеседі.

Монаш университетінің және Мельбурндегі корольдік аурухананың австралиялық ғалымдары SARS-CoV-2 вирусының жасушаларда 99 процентке төмендететін дәріні ойлап тапты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Зертханада зерттеушілер ивермектиннің коронавирусты жұқтырған жасушаларға әсерін талдады, олар инфекция жұқтырғаннан кейін екі сағаттан соң дәрі-дәрмекті қосты.

Нәтижесі 24 сағаттан кейін жасушада вирустық РНҚ-ның үлесі 93% төмендегенін көрсетті. Зерттеу жарияланған Antiviral Research журналына сәйкес, 48 сағаттан кейін жасушаларда вирустың болуы 99% -ға төмендеген.

Сонымен қатар, эксперимент барысында ивермектин сынамаларға улы әсерін тигізбейтіні де белгілі болды.

Ғалымдардың бұл жұмысы коронавирусты жұқтырған жағдайда препаратты қолдану туралы зерттеулерге көмектеседі деп үміттенеді. Олардың пікірінше, ивермектин SARS-CoV-2 вирустық белсенділігін азайтуға, аурудың асқынуының алдын алуға және инфекцияның адамнан адамға өтуін шектеуге көмектеседі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі медицина қызметкерлерін көтермелеу қағидаларына өзгеріс енгізбек

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Ақордада "Астана-Көгалдандыру құрылысы" мекемесінің қызметкері Дидар Телжанұлына "Құрмет" ордені табысталды

Тоқаев Дженсен Хуангты қабылдады

Қазақстанда күн −18°С-қа дейін суытады