Экспресс-тесттерді сынау кезінде коронавирусты ағзасы өздігінен жеңген 68 адам анықталды

Depositphotos
Экспресс-тесттің 270 мыңын меценаттар сатып алып берген.

Ең алдымен коронавирус инфекцияcын жұқтыруы жоғары санатқа жататын азаматтар арасында 3 мыңнан экспресс-тест сынақтан өтті, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрайымы Людмила Бурабекова арнайы брифингте, деп хабарлайды zakon.kz.

Бүгінгі таңда 3 136 экспресс-тест қолданылды, оның 354-і Қазақстан Республикасының автомобиль өткізу пункттерінде, 2782-сі медициналық ұйымдарда сыналды. 64-інің нәтижесі оларда антидене барын көрсетті. Яғни, коронавирус инфекциясын жұқтырып, ағзасы оны өз бетімен жеңген. Одан әрі бұл адамдар бекітілген алгоритм бойынша ПЦР тесттерімен тексеріледі, - деді Бюрабекова.

Ол коронавирус инфекциясын экспресс-тест арқылы екі қалада - Нұр-Сұлтан мен Алматыда анықталып жатқанын еске салды.

Экспресс-тестілеуден барлық блок-бекеттерде тұрған қызметкерлер өтеді. Сол секілді шекара орнатылған бақылау-өткізу пункттеріндегілер де тестілеу өткізіледі. Сыртқа кететін адамдардың барлығы тестіден өткен соң босатылады. Экспресс-тестілерді, яғни оның 270 мыңын меценаттар сатып алып берді, яғни мемлекет бұл ретте шығынданған жоқ. Алғашқы болып тексерілетін адамдар санаты анықталды, қазір сол бойынша тестілеу белсенді түрде жүргізілуде, - деді Бюрабекова.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты