Әлемдік нарықта мұнай бағасы тағы құлдырап кетті

Pixabay
ОПЕК-ке кірмейтін елдерден өндірісті қысқарту туралы нақты мәліметтердің болмауы жағдайды алдын ала болжауға мүмкіндік бермеуде.

ОПЕК + жаңа келісімінен кейін төмендетілуі тиіс мұнай өндірісінің жалпы көлеміне қатысты белгісіздік жағдайына байланысты мұнай бағасы құлдырады, деп хабарлайды zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Лондон қор биржасындағы мәліметтеріне сәйкес, түнгі сағат 2: 52-те Brent маркасының бір баррелінің бағасы шамамен 4 пайызға төмендеп, 28,5 долларды құрады.

Мамандардың айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты нарықтағы ұсыныс күніне сұраныстан 25 миллион баррельден асып түсуде.

Сонымен бірге, мамыр айынан бастап ОПЕК + нарықтан бар болғаны 9,7 миллион баррельді алып тастады. Бұған қоса, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) және Кувейт өндірісті тағы 2 миллионға шектеу туралы шешім қабылдады.

ОПЕК-ке кірмейтін елдерден өндірісті қысқарту туралы нақты мәліметтердің болмауы жағдайды алдын ала болжауға мүмкіндік бермеуде. Бұл, ең алдымен АҚШ-қа қатысты. Мұнымен қоса, мұнай саудагерлері алдағы апталарда әлемдегі шикізатты сақтайтын қоймалар, соның ішінде танкерлер де толып, оны қоятын орын таппай қалатынын жоққа шығармайды.

Сауд Арабиясының Энергетика министрі ханзада Абдул Азиз бен Салман жақын арада мұнай өндірісі 20 миллион баррельден төмендейді деп күтеді, бірақ тек табиғи себептерге байланысты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды