Алматыда Covid-19 жұқтырған жүкті әйел дені сау бала босанды

Pixabay
Қазір анасының жай-күйі де қанағаттанарлық.

13 сәуірде екіқабат әйел жүктілігінің 39-шы аптасында вирус жұқтырған адаммен байланыста болған адам ретінде №1 Қалалық клиникалық ауруханасына жеткізіледі. Жүкті әйелден коронавирусқа қарсы талдаулар алынып, нәтижесі оң болып шығады, деп хабарлайды zakon.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

15 сәуірде дәрігерлер талдау көрсеткіштері бойынша оған кесарь тілігі отасын жасап, босандырып алады. Нәтижесінде салмағы 3,5 келіден асатын шекесі торсықтай ұл бала дүниеге келді. Бұл науқастың екінші босануы екен.

"Жаңа туған нәрестеден алынған талдаулар теріс нәтиже көрсетті. Нәрестенің дені сау. Қазір ол балалар бөлімшесінде жатыр", - деді Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Қазір анасының жай-күйі де қанағаттанарлық. Жуырда ол емделуін жалғастыру үшін инфекциялық стационарға ауыстырылады. Науқас қауіпті індеттен толық сауығып шыққаннан кейін ғана ұлымен қауыша алады.

Айта кету керек, №1 Қалалық клиникалық аурухана провизорлық орталық болып табылады. Бұл ауруханада қауіпті індетті жұқтырған жүкті әйелдер босанады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

30 қазандағы доллар, еуро және рубль бағамы: үш қаладағы айырбас курсы

Енді қазақстандықтар бес елде QR-код арқылы төлем жасай алады

Түркі әлемінің әуені мен Димаштың өнері: Тоқаев Түркияда концерт тамашалады

Конституциялық сот тұрғын үй төлемдерін қайта алуға тыйым салуды заңды деп таныды

Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр