Қазақ билігіне "халыққа ақша бер" деу – қателік

Евгений Федорец © ИА Красная Весна
Қазақстан – ортағасырлық қайық.

АҚШ, Германия, Жапония сияқты елдердің үкіметі өз азаматтарына ірі сомаларды таратып жатқанын естіп жатқан кей қазақстандықтар да сондай ақшадан дәмелі болып шыға келді.

"Бұл – қателік", дейді ABISHEV ANALYTICS телеграм каналының авторы.

– Олар – өнеркәсібі дамыған, еңбек өнімділігі аса жоғары, қосылатын құны зор, технологиялық экспорты бар капиталистік елдер. Оның үстіне, жемқорлығы тым төмен, мемлекеттік аппараты бейімделгіш және еңбекқорлық дәстүрі қалыптасқан елдер. Қазақстанда жоғарыда аталған нәрселердің ешқайсысы жоқ. Өкінішке қарай. Германия үкіметі өз азаматтарына аямай ақша бере салғанда, олар тұтынушыларының қолындағы ақшаның бәрібір германиялық кәсіпорындарының қолына қайта оралып, түбі Германияның экономикасында қалатынын, осылайша экономиканың қуаты түк те кеміп қалмайтынын біледі. Қазақстанда халыққа қанша ақша берсең де, оның басым бөлігі импорттық тауарлар үшін төленіп кетеді, - дейді пост авторы.

Қайран елім, Қазақстан...

– Дамыған елдер – заманауи крейсерлер сияқты – кез-келген күшті ағысқа қарсы қорықпай жүзе береді. Ал біз – ортағасырлық қайықпыз: жел үп етсе – жүземіз. Жел жоқ па – орнымызда тұрамыз, - дейді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті