Алматыда кешкі 19.00-ден кейін үйден шығуға бола ма?

24tv.ua
Үйден шығуға байланысты уақыт бойынша ешқандай тыйым жоқ, бірақ қолданыстағы карантинге байланысты шектеулердің күшін әлі ешкім жойған жоқ

Көптеген алматылықтар қалада ешкімге ескертілместен коменданттық режим енгізілгеніне сенімді, өйткені қала тұрғындары кешкі жетіден кейін үйден мүлдем шыға алмай қалған. Полиция бұл пікірге қатысты түсінік берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрлан Аманбек полицияның Инстаграм парақшасындағы онлайн сұқбаты кезінде үйден шығуға байланысты уақыт бойынша ешқандай тыйым жоқтығын айтты.

Алайда, қолданыстағы карантинге байланысты шектеулердің күшін әлі ешкім жойған жоқ - тек аса қажет болған жағдайда үйден шығуға болады: дүкенге, дәріханаға, рұқсатнамамен жұмысына баруға болады.

"Түнде жүруге болады ма" деген сұраққа ол "жоқ" деп кесіп жауап берді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы