Мұнай бағасы қатты құлдырап, доллардың бағасы тағы көтерілді

panorama.pub
Сауда-саттық көлемі 37,9 миллион долларды құрады.

Қазақстан қор биржасындв сағат 11: 00 уақыты бойынша, доллардың орташа бағамы 2,84 теңгеге қымбаттап, 430,32 теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Сауда-саттық көлемі 37,9 миллион долларды құрады.

Қор биржасы 20-24 сәуір аралығында KASE нарықтарында сауда-саттық, клиринг және есеп айырысу ережелері өзгертілгенін еске салады.

Айта кетсек, дүйсенбіде таңертеңгілік саудада доллардың орташа бағамы 427,32 теңгені (+1,81) құрады.

Осы уақытта мұнай бағасы тарихи төмен деңгейге дейін құлдырады. Сонымен, Нью-Йорк тауар биржасында WTI маркалы қара алтын бағасы тарихта алғаш рет теріс нәтиже көрсетіп, күніне 120% -ға арзандады. Таңертең, сауда мәліметтері бойынша, NYMEX биржасындағы WTI маркалы мұнай бағасы оң мәнге қайта оралды. NYMEX биржасында WTI маркалы мұнайдың мамырдағы бағасының бір баррелі 2,21 долларға дейін көтерілді.

Дүйсенбіде Brent маркалы мұнай фьючерстері барреліне 25,38 долларға дейін төмендеді.

Таңғы 06.00 Нұр-Сұлтан уақыты бойынша, WTI маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 160 пайызға қымбаттап, барреліне 2,21 долларды құрады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі