Қарағандыда карантинде әбден зеріккен үй тұрғындары дискотека ұйымдастырған

polisia.kz
Музыканы қойған адам да анықталды.

Әлеуметтік желіде карантин енгізілгеніне қарамастан көп пәтерлі үйлердің бірінің ауласында дискотека ұйымдастырып, бір топ қарағандылықтың би билеген видео пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Polisia.kz хабарлауынша, видеода көрсетілген Майқұдық ауданындағы үйді тексеріп, карантин режимін бұзғандарды анықтады.

Музыканы қойған адам да анықталды. Оған қатысты 476-бап бойынша хаттама толтырылды. Мұндайда оған 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Караганда, Майкудук. Карантин. Видео @bezopasnostkrg

Публикация от 5 канал Караганда (@5kanal.kz)

Айтқандай, карантин кезеңінде ювеналды полиция қызметкерлері көшеде және қоғамдық орындарда 69 кәмелетке толмағандарды ұстады. Оның ішінде орта мектеп оқушылары - 54, колледж студенттері - 12, университет студенттері - 1, студенттер мен жұмыс істемейтіндер - 2.

Барлық осы фактілер үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабына сәйкес (төтенше жағдайды бұзу) заң бұзушылардың заңды өкілдеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады