Жәмішев Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры директорлар кеңесінің басшысы болды

Ұлттық конькишілер федерациясы
Жәмішев бұған дейін қордың тәуелсіз директоры болған.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директорлар кеңесін Болат Жәмішев басқаратын болды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қордың хабарлауынша, қазіргі уақытта ӘМСҚ директорлар кеңесінің құрамына: басқарма төрағасы - Болат Жәмішев, тәуелсіз директорлар - Ораз Жандосов, Гинтарас Кацявичюс, Жақсылық Құлекеев, Юлия Якупбаева, Болат Бабенов, сондай-ақ басқарма мүшелері - Елжан Біртанов, Берік Шолпанқұлов және Айбатыр Жұмағұлов кіреді.

Бұған дейін директорлар кеңесін ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов басқарған болатын.

Жәмішев бұған дейін қордың тәуелсіз директоры болған. Осы жылдар ішінде ол ҚР Ішкі істер вице-министрі, ҚР Қаржы министрінің бірінші орынбасары, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары, ҚР Қаржы министрі, Қазақстан Даму банкі басқарма төрағасы қызметтерін атқарды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді