ҰБТ-да 11-сыныптың IV тоқсан сабақтарының сұрақтары болмайды

4news.kz
ҰБТ өткізу бұрынғы форматта қала береді, алайда біз қосымша санитарлық шектеулер енгіземіз.

11-сыныптың IV тоқсанындағы сабақтар бойынша сұрақтар ҰБТ-ға кірмейді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Евразия" бірінші арнасы редакциясына Батыс Қазақстан облысы Ақсай қаласының тұрғындары байланысқа шықты. Олар қашықтықтан оқытудың кесірінен 11-сынып оқушылары ҰБТ-ға дұрыс дайындала алмай, жоғары оқу орынына грантқа оқуға түсе алмай қалады ма деп алаңдайды.

Ұлттық тестілеу орталығы қашықтықтан оқыту дайындыққа кедергі келтірмейді деп сендірді. Тесттерден IV тоқсанындағы бағдарламада қамтылған барлық тапсырмалар алынып тасталады.

Оқушыларға IV тоқсанында оқылған сабақ тапсырмалары бойынша сұрақтар келмейтін болады. Яғни, 5-ші сыныптан 11-сыныпқа дейін үш тоқсанның оқу бағдарламалары тест сұрақтарында қамтылады. ҰБТ өткізу бұрынғы форматта қала береді, алайда біз қосымша санитарлық шектеулер енгіземіз. Яғни, біз тест алушылардың арасындағы қашықтықты арттырамыз, баланың дене қызуын тексеру үшін қосымша бақылау енгіземіз, яғни тиісті жабдықтар болады, - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды