Ертіс айдынына серуендеуге арналған кемелер шығады

kmtf.kz
Шағын кемелер Өзен вокзалынан айдынға шығады деп жоспарлануда.

Биыл Өскемендегі Ертіс өзенінің айдынына серуендеуге арналған үш кеме шығуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс.

Жоба облыстық туризм басқармасының келісімімен жүзеге аспақ. Шағын кемелер Өзен вокзалынан айдынға шығады деп жоспарлануда.

"Белалекс" және "Вояж" туристік фирмалары маршрутты тек экскурсиялық бағытта ғана емес, "Самал" табиғи-спорттық паркімен байланыс мақсатында жасауды ұсынады. Мамандар осылайша өзен трамвайларына сұраныс арта түседі дейді.

– Бірақ "Самалда" айлақ жоқ. Яғни кемелер барып тоқтай алмайды, – дейді "Белалекс" фирмасының директоры Олег Белов.

Өскемен қаласының әкімі бұл мәселені жақын арада шешудің жолдарын қарастырып көруге келісті.

– Егер серуендеушілер көп болса, біз айлақ жасаймыз. Айналма жол жасайық. Мен кемелерді байқап көрейін, бір рет серуендеп қайтайық. Содан кейін бұл мәселені шешеміз, – деді Жақсылық Омар.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды