Үйінен тікелей эфирге шыққан испандық журналист әйеліне оңбай ұсталып қалды

видеодан алынды
Эфир барысында жылт еткен жалаңаш бойжеткен - Алексия Ривас Мерлостың әріптесі болып шықты.

Үйінде отырып, тікелей эфирге шыққан испандық журналист Альфонсо Мерлостың жеке өмірін бір күнде бүкіл ел жан-жақты талқылады. Оған тікелей эфир кезінде журналисттің арғы жағынан көрініп қалған тыр жалаңаш бойжеткен себеп болған. Онлайн транслацияға комментарий қалдырушылар ол бикештің журналисттің әйелі емес екенін жазған, деп хабарлайды zakon.kz.

Осылай басталған жазба журналисттің жеке өмірінің бүге-шегесіне дейін талқылауға ұласқан. Осылайша бұл видеохабар Испанияда бір мезетте танымал болып, өте көп қаралған. Жазбадағы әңгімеден белгілі болғандай, қазіргі уақытта Мерлос пен оның әйелі Марта бөлек тұрады екен, ал эфир барысында жылт еткен жалаңаш бойжеткен - Алексия Ривас Мерлостың әріптесі - Марка спорт басылымының бұрынғы қызметкері, қазір тележүргізуші болып жұмыс істейді.

Видео астындағы жазбада біреулер Мерлос-Марта-Алексия үштаған махаббатын сөз қылса, ал тағы бірі карантин кезінде уақытын босқа өткізіп жатпаған журналист жігітке дән риза.

Бәрінен бұрын тікелей эфир кезіндегі Мерлоспен сұқбаттасушының реакциясы елді қыран топан күлкіге қарық қылған. Оны енді тек көру керек.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды