Н.Нығматулин қазақстандықтарды Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтады

Ж.Құспанов
Мәжіліс Төрағасы бұл мерекенің еліміздің мәдениетінен ерекше орын алатындығын, өйткені ол үлкен жасампаз құндылыққа ие екенін атап өтті.

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын! Бейбітшілік пен келісім біздің негізгі байлығымыз. Күш бірлікте. Біздің халқымыз берекесі мен ынтымағының арқасында барлық қиындықты жеңетіні сөзсіз. Баршаңызға денсаулық, бақыт, ырыс-құт тілеймін!" деп жазды Нұрлан Нығматулин Twitter-дегі жеке парақшасында.

Сонымен қатар, Мәжіліс Төрағасы бұл мерекенің еліміздің мәдениетінен ерекше орын алатындығын, өйткені ол үлкен жасампаз құндылыққа ие екенін атап өтті.

Нұрлан Нығматулиннің пікірінше, Қазақстан халқына тән қоғамдық келісім мен патриотизм тұрғылықты елдің даналығы мен нағыз құндылықтарды сақтауға және нығайтуға бағытталған мемлекеттің ерекше ықыласын білдіреді.

"Біздің елімізде тұратын барлық этностардың дәстүрлеріне құрмет, түрлі сенімдегі адамдардың өзара түсіністігі – барша қазақстандық халықтың рухани құндылықтарын арттыру, әрбір отбасындағы тыныштықтың және Қазақстанның табысты дамуының кепілі", - деді Нұрлан Нығматулин.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды