Түркістан облысында 42500 теңге төлемді 390 мыңға жуық азамат алды

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Басқарма басшысының айтуынша, төтенше жағдай созылған сайын, ай сайын төлем жүретін болады.

Төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға арналған әлеуметтік 42500 теңге төлемді Түркістан облысында 386 239 азамат алып үлгерді.

Жалпы бүгінгі таңда 522 096 тұрғынның өтініші тіркеліп, 434 598 азаматқа төлем тағайындалып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры АҚ филиалы директорының міндетін атқарушы Дәурен Байырбеков мәлімдеді.
Сондай-ақ, брифингке қатысқан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева 42500 теңге төлемді студенттердің алуына болатынын айтты.

«Егер студент бос уақытында жұмыс істеп, ресми түрде зейнетақы жүргізген болса, жәрдемақы алуға мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, студент азаматтық-құқықтық шарт бойынша жұмыс істеген болса және студентке жұмыс беруші тарапынан әлеуметтік жарналар төленген болса, сондай-ақ бейресми өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат ретіне бірыңғай жиынтық төлем жасаса, жәрдемақыға үміткер бола алады. Ал бала күтіміне байланысты декреттік демалыстағы әйелдер бала 1 жастан асқаннан кейін ғана 42500 теңге тағайындалады. Бұл азаматшалар өтініш беру алдында бірыңғай жиынтық төлем жасауы тиіс», - деді Әсия Құралқызы.

Басқарма басшысының айтуынша, төтенше жағдай созылған сайын, ай сайын төлем жүретін болады. Сондай-ақ, жәрдемақыны үшін ай сайын бірыңғай жиынтық төлем жасаудың қажеті жоқ.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады