Алматы облысының қоғамдық орындарында масаң адамдар азайды

telegraf.rs
Тыйым салынған қоғамдық орындарда темекi бұйымдарын тұтыну деректері де былтырғымен салыстарғанда екі есе азайған.

Алматы облысында ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу көрсеткіші төмендеді, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алматы облысының тәртіп сақшылары таратқан ақпаратқа сәйкес, 2020 жылдың төрт айының қорытындысы бойынша қоғамдық орында ішімдік ішудің немесе масаң күйде келудің тоғыз жүзден астам дерегі тіркелген. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 73 пайызға төмендеген.

"Биыл облыс аумағында қоғамдық орындарда масаң күйде жүру дерегі бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, 926 тұлға жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшыларының алдын алу бойынша жүргізген жұмыстарының арқасында бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда әлдеқайда төмендеді. Құқық бұзушылыққа жол берген азаматтарға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды", - деп хабарлайды ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салынған қоғамдық орындарда темекi бұйымдарын тұтыну деректері де былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстарғанда екі есе азайған.

"Жол сақшылары жолдың қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында жыл басынан бері 109 жүргізушінің масаң күйде көлік басқарғанын анықтады. Аталған деректер бойынша тиісті хаттамалар толтырылып, соттың шешімі бойынша жүргізушілер көлік басқару құқығынан айырылды. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 36 пайызға төмен", - деп толықтырды Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Өз кезегінде, облыстық полицейлер қоғамдық орындарда және көлік басқарғанда ішімдік ішудің өте қайғылы жағдайларға әкелетінін ескертеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді