Ақтөбе облысында кәсіпорын басшысы кемінде 30 млн теңге "жеп қойды"

zakon.kz
Оған 6 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ірі көлемдегі бюджет қаражатын жымқыру фактісінің жолын кесті, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстағы бір кәсіпорынның басшысы "Ақтөбе облысы Байғанин ауданында сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы" жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге жұмсалуы тиіс 30 млн теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иеленіп алған.

Байғанин аудандық сотының үкіміне сәйкес кәсіпорын басшысы ҚР ҚК 190-бабының 4-бөлімі (аса ірі көлемдегі алаяқтық) бойынша кінәлі деп танылып, оған 6 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек