Жамбыл облысында Ұлы Жеңістің 75 жылдығы кең көлемде аталып өткізіліп жатыр. Өңірде биылғы мерейтой кезінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін қалай құттықтауды ұйымдастыру туралы алдын-ала жоспар жасалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Мәселен, волонтерлар Ұлы соғыс ардагеріне ерекше сый жасады. Олар Жеңіс әнін шырқатып, кранмен жоғары қабатты тұратын 98 жастағы М. Бердібаев пен 94 жастағы М.Ережебаевтың балкондарына көтеріліп, құттықтап, қарияларға гүл шоқтарын сыйлады. Жастар соғыс ардагерлеріне бейбіт аспан үшін алғыс білдірді, ал қариялар өз кезегінде бата берді.
Айта кетсек, Жеңіс күніне орай облыстағы 57 ардагерге 1 миллион теңгеден әлеуметтік көмек көрсетілді.
Тыл ардагерлері де назардан тыс қалмады: соғыс жылдарында тылда 6 айдан астам жұмыс істеген 4 247 адам 50 мың теңгеден алды. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардың 350 жесірі мен Екінші дүниежүзілік соғыс мүгедектерінің әйелдері бірдей көлемде әлеуметтік көмек алды.
60 мың теңге Ленинградтағы жау қоршауында қалып қойғандар мен концлагерьлердің бұрынғы тұтқындарына төленді.
Сонымен қатар, 1989 жылы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар да 100 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек ақша алды.
Барлығы 6 650 адамға бір реттік әлеуметтік көмек түрінде 500 млн теңгеден астам қаражат қарастырылған.
Мереке күндері облыс басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтайды.