Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени бірлестігі мақтааралдықтарға 10 млн теңгенің көмегін жіберді

Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени қоғамдық бірлестігі Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жариялана салысымен жедел штаб құрып,эвакуацияланған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету үшін керек-жарақтың бәрін күнделікті жинай бастаған.

Мақтаралдағы жағдай қазақстандықтардың татулығы мен бірлігін, қиын қыстау кезеңде бір қолдың саласындай біріге алатындығын тағы бір дәлелдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Белгілі кәсіпкер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бахадыр Ирисметов басқаратын Түркістан қалалық өзбек этно- мәдени бірлестігі мақтаралдықтарға азық-түлік, киім-кешек, тұрмысқа қажетті заттар, гигиеналық құралдар, жиһаздар тиелген гуманитарлық көмекжеткізді.Көмек керуенінің жалпы құны - 9 млн 862 мың теңге.

Түркістан қалалық өзбек этно-мәдени қоғамдық бірлестігі Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жариялана салысымен жедел штаб құрып,эвакуацияланған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету үшін керек-жарақтың бәрін күнделікті жинай бастаған.

"Мақтааралда орын алған су тасқыны Мырзашөл жұртының ғанақайғысы емес, бүкіл халықтың қайғысы. Осындай қиын сәтте барша халық Мақтаарал тұрғындарымен бірге екендіктерін көрсетіп, қолдан келгенжәрдемін беріп жатыр. Түркістан қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері де күн-түн демей осы елдің тез еңсе тіктеуіне тілеулес болуда. Қазір эвакуациялық орталықтарда орналасқан азаматтардың сұранысы азық-түлік емес киім-кешек, көрпе-төсек пен гигиеналық заттар. Осы жайтты ескеріп, біз нағыз қажетті заттарды әкелуді жөн көрдік. Біз жеңбейтін қиындық жоқ", - дейді Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Бахадыр Ирисметов.

Түркістандық этно-мәдени бірлестік жөнелткен көмек керуеніндегі жүк бүгіноблыстық штаб қоймасына түсірілді. Жұрт аманатын аман-есен жеткізіп берген бірлестік жетекшілері мұндай қайырымдылық шаралары алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: