Ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов дүниеден озды

wfrk.kz
Қайрат Тұрлыханов - 1988 және 1992 жылдардағы Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, балуан Дәулет Тұрлыхановтың ағасы.

Ауыр атлетика федерациясының құрметті президенті Қайрат Тұрлыханов қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.

"Азия федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі, қоғам қайраткері Қайрат Тұрлыханов Болатұлы дүниеден озды. Ауыр атлетика федерациясы Қайрат Болатұлының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Біз сіздердің қайғыларңызға ортақпыз", - делінген федерация хабарламасында.

Өлімнің себебі нақты жазылмаған.

Қайрат Тұрлыханов1960 жылы Шығыс Қазақстан облысының Таскескен ауданында дүниеге келген. Еуразия нарық университеті мен "Қайнар" университетін бітірген.

1995-1998 жылдары "Бақты" кеден бекетін басқарды. 2001-2002 жылдары Семей қаласының әкімі қызметінде болды. 2006 жылы ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының кеңесшісі болды. 2007 жылдан ҚР Көлік және коммуникация министрінің кеңесшісі болып қызмет істеді. 2010 жылдан "Ақпараттық өндірістік орталық" директоры болды.

2000 жылдан республикалық ауыр атлетика федерациясының президенті.

2011 жылдан Азия ауыр атлетика федерациясының вице-президенті.

2006-2007 жылдары ҚР транспорт министрінің кеңесшісі болып қызмет атқарған. Бұған қоса ол дзюдо мен тау шаңғысы спортының шебері кандидатына ұсынылған. Қайрат Тұрлыханов - 1988 және 1992 жылдардағы Олимпиада ойындарының күміс және қола жүлдегері, балуан Дәулет Тұрлыхановтың ағасы.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Алматыда аптап ыстық, Астанада күн күрт суытады: 11–13 қыркүйекке арналған жаңартылған болжам

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Ішкі істер министрлерімен кездесті

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді