Президент көпбалалы аналарға арналған жаңа жәрдемақы бекітілген Заңға қол қойды

caravan.kz
Құжат балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ көп балалы аналарға қолдау көрсету мақсатында жасалды.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ана мен баланы қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заң жобасы Парламент депутаттарының бастамасымен қолға алынып, әзірленді.

Құжат балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ көп балалы аналарға қолдау көрсету мақсатында жасалды.

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларға 42 мыңнан 74 мың теңгеге дейін жеке жәрдемақы енгізілген.

Бұл арада алалау болмас үшін сегіз және одан да көп балаға төрт АЕК мөлшерінде немесе әрбір кейінгі балаға 10 604 теңге мөлшерінде жәрдемақы белгілеу ұсынылады. Жәрдемақы мөлшері - 84 мың теңге, 10 балаға - 106 мың теңге, сонымен қатар кейінгі балаларға төрт АЕК мөлшерінде қосылып отырады.

Заң жобасы осындай өзгерістерді қамтиды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды