Мерзімі өткен жүргізуші куәліктері 10 шілдеге дейін жарамды болды

egov.kz
Рұқсаты өткен қаруды 10 шілдеге дейін алып жүруге болады.

Алматыда рұқсаты өткен қаруды сақтауға және алып жүруге мерзімді 10 шілдеге дейін ұзартуға болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әкімшілік полиция басқармасының хабарлауынша, ҚР ІІМ нұсқауына сәйкес, төтенше жағдай кезінде қаруды сақтауға және алып жүруге рұқсаттың мерзімі өткен азаматтық қару иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 486-бабына сәйкес осы жылдың 10 шілдесіне дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Жоғарыда көрсетілген күнге дейін бұл құжатты ұзартуға болады.

Polisia.kz хабарлауынша, бұл ереже көлік жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталған жүргізушілерге де қатысты.

Электрондық цифрлық қолтаңбамен “E-gov” электрондық үкіметтің порталы арқылы құжаттарды алмастыруға болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Нұрболат Мағзұмов ҚР Президенті Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып тағайындалды

Отбасының цифрлық картасы қалай толтырылып, жүргізіледі

Таяу Шығыстағы шиеленіс: Арабтар мұнайын Сингапурдың жер асты қоймасында сақтайтын болды

Астана мен Алматыда үсік жүреді: 27-29 қыркүйектегі үш мегаполистің ауа райы болжамы

Қазақстан мен Қытай "Қорғас" халықаралық орталығында қауіпсіздікті қамтамасыз етпек