Тоқаев Алматы облысында броконьерлермен күресуші қорықшыға алғыс білдірді

Экология министрлігі
Президент инспектордың табиғатымыз бен оның байлығын сақтауға қосқан айрықша үлесін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облыстық жануарлар мен өсімдіктер әлемі инспекциясының бөлім бастығы Леонид Сидоренкоға алғыс білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Твиттерде жазды.

"Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен, Алматы облысына жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан облыстық жануарлар мен өсімдіктер дүниесі инспекциясы бөлімінің басшысы Леонид Сидоренкоға алғыс хат тапсырдым. Президент инспектордың табиғатымыз бен оның байлығын сақтауға қосқан айрықша үлесін атап өтті. Леонид Павлович 30 жылға жуық уақыттан бері инспекцияда табанды еңбек ете жүріп, браконьерлікпен ымырасыз күрес жүргізіп келеді. Қылмыстық істерді ашуға да ат салысыл келеді" делінген жазбада.

Айта кетсек, Леонид Сидоренко 59 жаста. Еңбек жолын 1988 жылы Алматы мемлекеттік аңшылық инспекциясында көлік жүргізуші болып бастады, одан кейін жабайы табиғатты қорғау инспекторы болды, қазір ол Алматы облыстық фауна және флора инспекциясының бөлім бастығы.

сурет: Караван

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі