Карантинге жатқызылған өнімдерді тасымалдағандарға 22 млн тенге айыппұл салынды

ҚР АШМ
Көбіне заң талаптарын бұзғандар Ресейден (439 заң бұзушылық), Өзбекстаннан (110), Ираннан (33) тіркелген.

Жыл басынан бері фитосанитариялық бақылау және қадағалау жүргізу барысында карантинге жатқызылған өнімді ел аумағына әкелу кезінде 600-ден астам заң бұзушылық анықталды, деп хабарлайды zakon.kz АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның ішінде: фитосанитарлық сертификаттың болмауы - 388, карантиндік организмдердің анықталуы – 13, таңбалаудың болмауы - 17, фитосанитариялық сертификаттың сәйкес келмеуі – 9, карантинге жатқызылған өнімнің келіп түскен жері бойынша екінші тексеруге ұсынылмауы - 60, басқа жол арқылы алып өту - 4, фитосанитариялық талаптардың бұзылуы бойынша - 45 жағдай, қол жүгіне тыйым салу бойынша - 79 заң бұзғандар анықталды.

Көбіне заң талаптарын бұзғандар Ресейден (439 заң бұзушылық), Өзбекстаннан (110), Ираннан (33) тіркелген.

Анықталған жағдайларға байланысты АШМ мемлекеттік инспекторлары тарапынан заң аясында тиісті шаралар қабылданды. 332 мәрте жалпы көлемі 10,2 мың тонна карантинге жатқызылған өнім кері қайтарылды, залалданған өнімнің бір партиясы толық жойылды. Жалпы 22,1 млн теңге сомасында айыппұл салынып, 384 әкімшілік жаза қолданылды.

Қазақстан аумағына карантинге жатқызылған өнімді әкелу кезінде анықталған жағдайлар бойынша экспорттаушы елдерге 105 нотификация жіберілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстандықтар 2026 жылғы шілдеде қанша күн демалады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

ҰҚК Алматы әуежайында тыйым салынған "өсімдікті" тасымалдаған шетелдік бойжеткенді құрықтады