Румынияның спорт министрі тележүргізушінің аузын аштырып, бір сәтке тілден айырды

Бірақ көрермендерге министрдің бұл күйіннен гөрі тележүргізушінің реакциясы қатты әсер еткен.

Румыниядағы Pro X телеарналарының бірінде тікелей эфир кезінде ыңғайсыз жағдай болды. Осы елдің Спорт және жастар министрі карантиндік шараларды жеңілдету бойынша өз үйінде отырып, онлайн брифинг өткізді, бір кезде кенеттен шендінің веб-камерасы құлап кетіп, күтпеген жағдай орын алды, деп хабарлайды zakon.kz.

Видеода Ионут Строй ел алдында қара көйлек киіп шығып, камера алдында өз сөзін бастайды. Бірақ бәрі жоспардағыдай жүре қоймайды, үстімнен басқа жерім камераға түспейді деп ойлаған шендінің ақыры масқарасы шығады. Оның алдындағы веб-камера құлап, оның тура ұятты жеріне барып түседі. Сол кезде елдің бәрі министрдің құр дамбалмен отырғанының куәсі болады.

Бірақ көрермендерге министрдің бұл күйінен гөрі тележүргізушінің реакциясы қатты әсер еткен. Бұл ыңғайсыз жағдай орын алғанда ауыз жаппай самбырлап сөйлеп тұрған тележүргізушінің аузы сол күйі ашулы қалып, бір сәтке тілден айырылады.

13 маусымда Румынияда футбол чемпионатын іске қосу жоспарланып отырғанын айта кетелік.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: