Шымкентте коронавирустан көз жұмған науқастың асқынған басқа дерті де болған

Казинформ
Сондай-ақ, науқастың өліміне өкпе тұсындағы қан тамырларында қалыптасқан тромбоэмболия себеп болып табылады.

Шымкенттегі коронавирустан қайтыс болған науқас туралы жергілікті денсаулық сақтау басқармасы мәлімет таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

1959 жылғы науқас - Еңбекші ауданының тұрғыны. 19 мамыр күні ол қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді. Кейін жансақтау бөліміне ауыстырылып, жасанды тыныс алу аппаратына қосылды.

Қосымша аурулары болды: ІІІ-дәрежелі артериалды гипертензия. Жоғары тәуекел тобына жататын .- 2 типті қант диабеті, екінші дәрежелі семіздік. Сондай-ақ, науқастың өліміне өкпе тұсындағы қан тамырларында қалыптасқан тромбоэмболия себеп болып табылады. Осыдан ауру асқынған.

Реанимациялық шараларға қарамастан, 30 мамырда сағат 22:10 минутта науқас қайтыс болды. Марқұмммен байланыста болған туыстары анықталды. Оларға ем-дом жүргізіліп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты