"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ның Атырау филиалы 65 млн теңгеге негізсіз пайда көрген

kt.kz
21 млн теңге көлемінде заңсыз алынған төлемдер кәсіпкерлердің жеке шоттарына кері қайтарылды.

Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қ.Қабдоловтың хабарлауы бойынша облыс прокуратурасы газ тұтынушылардың құқықтарын қорғау мақсатында "ҚазТрансГазАймақ" АҚ Атырау өндірістік филиалының қызметіне талдау жүргізді, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Филиал "Табиғи монополиялар туралы" Заңның 24-бабының талаптарын бұзып, тұтынушылардан газ қосу қызметі үшін заңсыз төлемдерді талап етіп 2 жыл (2018-2019ж.ж.) ішінде 65 млн теңге кірістеген.

Осы заңсыз әрекеттері үшін Филиал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігіне сәйкес (табиғи монополиялар туралы заңнамасын бұзу) әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн теңге айыппұл мемлекетке өндірілді.

Прокуратураның араласуымен облыс тұрғындарына газ қосу қызметтері тегін жүргізілетін болды. Заңсыз тәжірибе тоқтатылды.

Сондай-ақ, прокурорлық қадағалау актісі негізінде 21 млн теңге көлемінде заңсыз алынған төлемдер кәсіпкерлердің жеке шоттарына кері қайтарылды, ал жеке тұлғаларға 44 млн теңге қайтарылу үстінде.

Аталған бағытта жұмыстар жалғасуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді