Шымкентте карантин 22 маусымға дейін ұзартылды

Airlines-Airports
Оған 7 күн ішінде коронавирус инфекциясының 3,7 пайызға өскені себеп.

Шымкенттің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантиндік және шектеу шараларын қала бойынша 22 маусымға дейін ұзартты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оған 7 күн ішінде коронавирус инфекциясының 3,7 пайызға өскені себеп. Карантин аяқталғанға дейін қала тұрғындарына, Шымкент қаласының ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларына меншік түріне қарамастан мынандай шектеулер қолданылады:

1) көшеде маска, қолғап киіп, әлеуметтік арақашықтықты сақтайды. Халыққа қызмет көрсететін нысандар жұмысшыларына санитарлық бұйымдар сатып алып беруі тиіс;

2) аса бір қажеттіліксіз көшеге шығуға болмайды;

3) кәсіпкерлік нысандарға тұтынушылары мен жұмысшыларының карантиндік талаптарды сақтауын талап етәп, оны қажетті деңгейде қамтамасыз етуі тиіс;

4) кинотеатрлар, балалар ойын алаңы, мұз айдыны, субұрқақтар, батут, фудкорт сынды нысандардың жұмысына қатаң тыйым салынады.

5) ҰБТ кезінде барлық карантиндік және санитарлық талаптар сақталуы керек;

6) ҰБТ кезінде адамдардың бір жерге көп шоғырлануына тыйым салынады және т.б.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті