ШҚО-да әскери міндетін өтеп жүрген үш шымкенттіктен КВИ анықталды

Сурет: zakon.kz
Олар әскери міндетін өтеу үшін Зайсан ауданына жөнелтілген.

7 маусымдағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың 5 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

ПТР әдісімен коронавирус инфекциясын тексеру кезінде Семей қаласының және Зайсан ауданының тұрғындарынан диагноз расталды. 1960 жылғы әйел мен 1948 жылғы зейнеткер - Семей қаласының тұрғындары. Қалған үшеуі Зайсан ауданында әскери міндетін өтеу үшін Шымкент қаласынан келген 1997, 2000 және 2002 жылғы сарбаздар.

Қаланың екі тұрғыны науқаспен байланыстағы адамдар ретінде тексерілген, ал үш сарбаз аурудың алдын-алу мақсатында жасалған жаппай скрининг кезінде анықталды.

Қазіргі уақытта науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауланған.

Эпидемиологиялық тексеру және эпидемияға қарсы шаралар жалғасуда.

7 маусымдағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 190 нақты жағдай тіркелген. Мұнда коронавирустан 65 адам емделіп, сауығып кетті.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда әйел тоғызыншы қабаттан құлап көз жұмды

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

26 шілдедегі Алматы мен Астанадағы валюта айырбастау бағамдары

Көкшетауда автожуу орнында ток соғып, жас жігіт қаза тапты