Елде 400 блок-бекет, 200 санитарлық бекет жұмыс істеді – ІІМ

zakon.kz
Бұндай жағдай Қазақстан тарихында бірінші рет болып отыр.

Төтенше жағдай мен карантин кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін полиция қызметкерлері, дәрігерлермен бірге алдыңғы шепте жүрді, деді бүгін ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев, деп хабарлайды zakon.kz.

- Ішкі істер министрлігі елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бар күшін салды. Төтенше жағдай кезінде 400 блок-бекет, 200 санитарлық бекет жұмыс істеді. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық нысандарға күзет қойылды. Ауруды таратпау үшін тұрғынүйлер коршауға алынды. 9 мыңнан астам адам іздестіріліп, табылды. Осының барлығына Ұлттық Ұлан, мен ішкі істер органдарынан 50 мыңнан астам қызметкер жұмылдырылды. Өз уақытымен санаспай, отбасынан алыс болса да, күндіз-түні қызмет жасап, Отан алдындағы борышын, ел алдындағы міндетін адал атқарған қызметкерлерге және біздің жұмысымызға түсіністік танытқан тұрғындарға рахмет айтамын. Көп үлес қосқан еріктілерге де алғыс білдіргім келеді, - деді министр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?